Медицинадағы серпіліс: АҚШ ғалымдары ВИЧ инфекциясынан 100% қорғайтын препарат жасап шығарды

Препарат инъекция түрінде жылына 2 рет енгізілуі керек.

Медицинадағы серпіліс: АҚШ ғалымдары ВИЧ инфекциясынан 100% қорғайтын препарат жасап шығарды
сурет: istockphoto.com
484

АҚШ ғалымдары ВИЧ инфекциясынан 100% қорғайтын препарат жасап шығарды. Бұл туралы interestingengineering.com хабарлады. 

Препарат инъекция түрінде жылына 2 рет енгізілуі керек.

Оңтүстік Африка мен Угандада өткізілген ауқымды клиникалық зерттеулерге 2 000-нан астам адам қатысқан. Зерттеу қорытындысына сүйенсек, олардың бірде-біреуі инфекция жұқтырмаған.

Бір айта кетерлігі, препараттың бағасы тым қымбат. Екі екпенің құны 42 мың АҚШ долларынан асады. Бірақ ғалымдар бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары