Ақтаулық қызды 3 жігіт күштеп алып қашқан (ВИДЕО)

Бейнежазбада қызды көлікке мәжбүрлеп итеріп жібергені анық көрінеді және ол айқайлап көмек сұраған.

Ақтаулық қызды 3 жігіт күштеп алып қашқан (ВИДЕО)
скриншот
552

Ақтауда бойжеткен қызды үш ер адам көлікке күшпен отырғызып, алып қашқан. Алайда, сот «қылмыс құрамы жоқ» деген шешіммен, бұл істі тоқтатып тастаған.

Nemolchikz қоғамды қоры қызды зорлап алып қашу неліктен заң жүзінде жазасыз қалғанына наразылық білдірді.

«Еске салсақ, 12 сәуір күні түнгі он бірлер шамасында үш жігіт қызды көлікке отырғызып, алып қашқан. Қыз қарсылық көрсетіп, жерге құлаған. Ал үш жігіт оны сүйреп, көлікке күшпен кіргізіп, алып кеткен. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Көлік бағдаршамның қызыл түсінде тоқтап тұрған сәтте, қыз қашып құтылған болатын.

Сот-медициналық сараптама бар: жарақаттар, кеудедегі абразиялар, аяқ пен қолдағы көгерулер. Бейнежазбада қызды көлікке мәжбүрлеп итеріп жібергені анық көрінеді және ол айқайлап көмек сұраған.  Алайда, «қылмыс құрамы жоқ» деп, іс жабылған», - деп жазды «НеМолчи».

Қоғамдық қор Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевқа үндеу тастады. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру және адам ұрлау – екі бап бойынша адам құқығы бұзылғанын жазды.

Серіктес жаңалықтары