Нұртас Адамбай бірнеше елдің Президентінен кешірім сұрады

Өнер иесі аталған тұлғалардың барлығын кезінде айыптап, сынағаны үшін өкінетінін жазған.

Нұртас Адамбай бірнеше елдің Президентінен кешірім сұрады
Нұртас Адамбай. Фото: instagram/nurtasadambay
525

Танымал продюсер, актер Нұртас Адамбай бірнеше елдің Президентінен және әнші Андрей Макаревич, депутат Ринат Зайытовтан кешірім сұрады.

Кешірім сұраған Президенттер арасында: Ресей басшысы Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко және Қазақстанның қәзіргі мен экс-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев.

Өнер иесі аталған тұлғалардың барлығын кезінде айыптап, сынағаны үшін өкінетінін жазған. Сондай-ақ саясаткерлерден кешірім сұрап, олардың елі үшін жасап келе жатқан қызметіне алғысын айтты. 

Серіктес жаңалықтары