Әйелінің 82 жастағы әжесін буындырып өлтірген қарағандылыққа қатысты сот үкімі шықты

Қарағанды облысының Новодолниский кентінде тұратын кейуанаға келіп, 500 000 теңге көлемінде ақша сұраған, алайда зейнеткер ақша бере алмайтынын айтқан.

Әйелінің 82 жастағы әжесін буындырып өлтірген қарағандылыққа қатысты сот үкімі шықты
www.istockphoto.com
557

Әйелінің 82 жастағы әжесін буындырып өлтірген Қарағанды облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрақты табысы жоқ, қаржылай қиындыққа тап болған қарағандылық әйелінің 1942 жылы туған әжесінен ақша сұрамақ болған. Сөйтіп, Қарағанды облысының Новодолниский кентінде тұратын кейуанаға келіп, 500 000 теңге көлемінде ақша сұраған, алайда зейнеткер ақша бере алмайтынын айтқан. Кенет екеуі сөзге келіспей қалып, зейнеткер күйеубаласын үйден қумақ болған. Алайда ер адам қарияның мойнын қысып, тұншықтырған. Зейнеткердің демі біткеніне көз жеткізген ол еденге құлатқан. Сосын оқиға орнына кетіп қалған.  Алайда біраздан соң қылмыс жасалған жерге қайтып келіп, ол жерден 152 000 теңге мөлшерінде ақшаны ұрлап әкеткен. Содан кейін қылмыс іздерінен жасыру үшін жәбірленушінің мәйітін алып шыққан, сосын ақшаны алып, қашып кеткен.

Прокурор қарағандылықты барлық бап бойынша кінәлі деп танып, оған түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Соттың үкімімен оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде белгіленді. Одан басқа, жәбірленушінің пайдасына моральдық және материалдық залалды өтеу ретінде сотталушыдан 6 млн. теңге өндірілді.

Серіктес жаңалықтары