586
«Аллаға аманат»: Азамат Сатыбалды қызметкерлерінің наразылығына байланысты пікір білдірді
Ол өз пікірін әлеуметтік желіде жариялаған.
«Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалды өзіне қатысты өткізілген наразылық шеруге байланысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
Жауапты тұлға жұмысшыларының талап-арызын аяқтан шалу және жала жабу деп есептейді.
«Ей, пендем. Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың. Соны ұмытпа. Жала жабу. Аяқтан шалу. Жұмыс жасатпау. Көре алмаушылық.
Бір-екі күнде мақала шығады. Толық жауап сол жақта болмақ. Аллаға аманат», — деп жазды Азамат Сатыбалды.
Еске салайық, «Қазақфильм» ғимаратының алдына жиналған «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері мемлекеттен бөлінген тиісті қаражаттарын ала алмай жүргендерін айтып наразылық білдірген болатын.