Қызылорда облысында кене шағып алған адам қайтыс болды
Кенеден шаққан Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны екен.
Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам көз жұмды. Бұл туралы Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы мәлім етті.
Кенеден шаққан Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны екен.
- Кене шаққан немесе кене шаққанына күмәнданған жағдайда адамдар көбіне өз бетінше үйде емделем деп уақыт жоғалтып алады. Ол кісі де сөйткен. Дер кезінде дәрігерге жүгінсе, бұлай болмауы мүмкін еді, - деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.
Жыл басынан бері облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 7-інде диагноз расталды.
- Арасында балалар да, ересек адамдар да бар. Олар емделіп, қалыпты жағдайға келді, - деді басқарма басшысы.
Облыста індет тасымалдайтын кенелердің ошағы көбейген. Өткен жылы мұндай елді мекендер саны 106 болса, биыл 115-ке жетті.