570
Жетісуда 20 жастағы қыздың денесі қараусыз қалған үйден табылды
Тергеу мәліметтері бойынша, ол алдымен зорланған. Содан кейін өлтірілген.
Жетісу облысында ауылда 14 шілдеде хабар-ошарсыз жоғалған қыздың денесі бірнеше күннен кейін зорлық-зомбылық белгісімен табылды.
20 жастағы қызды 14 шілдеден бері ешкім көрген жоқ. Оның денесі қараусыз қалған үйде зорлық-зомбылық белгісімен табылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол алдымен зорланған. Содан кейін өлтірілген. Полиция осы іс бойынша тергеу жүргізуде.
"Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа итермелеу бойынша қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге деректер таратуға жатпайды", - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.
Іс аймақтық полиция басшылығының бақылауында.