Елімізде жаңа Су кодексі әзірленді
Қазақстанда жаңа 20 су қоймасын салынады.
Құжат Парламент Мәжілісіне енгізілді және су тасқыны мен құрғақшылық сияқты төтенше құбылыстарды болжауды, жоспарлауды және оларға ден қоюды қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы су пайдалану үшін маңызды құрал болады.
Сондай-ақ Кодексте:
- суды пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейту
- бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейту
- жедел әрекет етудің жаңа құралдарын енгізу қарастырылады.
Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы:
• жаңа 20 су қоймасын салу
• 15 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдарды реконструкциялау
• еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту үшін гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту
• су тасқынының алдын алу және олардан келетін залалды азайту үшін кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу
• кадрлық әлеуетті арттыру және инфрақұрылымды дамытуды көздейді.
2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі Жол картасы:
• су саласын цифрландыру
• шаруаларды мемлекетттік қолдауды жетілдіру
• заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу
• неғұрлым үнемді ауыл шаруашылығы дақылдарына көшуді қарастырады.