815
Өмірді 25%-ға ұзартады: Ғалымдар қартаюға қарсы дәрі ойлап тапты
Бұл препарат қартаю ақуызымен күреседі.
Ғалымдар қартаюға қарсы дәрі ойлап тапты. Ол өмірді 25%-ға ұзартады екен. Бұл туралы bbc.com жазды.
Нақтырақ айтқанда, бұл препарат қартаю ақуызымен күреседі. Империялық Лондон колледжінің MRC медицина ғылымдары зертханасы және Сингапурдегі Duke-NUS медициналық мектебінің ғалымдар тобы интерлейкин-11 деп аталатын ақуызды зерттеді. Адамның денесінде бұл ақуыздың деңгейі жас ұлғайған сайын артады, ол қабыну деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді және зерттеушілердің айтуынша, қартаю қарқынын бақылайтын бірнеше биологиялық тетіктерді ауыстырады.
Сынақ алдымен тышқандарға жүргізілген. Препарат қабылдаған кеміргіштержің бұлшықеттері мен терісі, түгі жақсарған.
Енді дәрі адамдарға сыналып жатыр. Бірақ, препараттың бағасы өте қымбат.