648
2 адам қаза тапты: Алматы-Өскемен тасжолында қайғылы жағдай болды
Жол апаты салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
18 шілдеде Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Алматы – Өскемен тасжолында Foton жүк көлігі мен Mazda 626 жолаушылар көлігі соқтығысты.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды, жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда өте сақ болуға шақырады», - деп хабарлады ведомство.