Қазақстандық боксшылар мен бапкерлерге ақшалай сыйақы берілді
Бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 4 миллион теңге, ал боксшыларға 1-2 миллион теңгеден табысталды.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп биыл Астанада өткен U22 Азия чемпионатындағы көрсеткен жоғары нәтижесі үшін спортшылар мен бапкерлерді ақшалай марапаттады.
Бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 4 миллион теңге, ал боксшыларға 1-2 миллион теңгеден табысталды.
Айта кетейік, Астанада бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командалық есепте 1-орын алды. Құрлық біріншілігінде 25 салмақ бойынша (13 ер, 12 әйел) жеңімпаздар анықталды. Еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі. Ерлер командасында 13 медаль бұйырды (8 алтын және 5 күміс).
Азия чемпионы атанғандар:
51 кг: Кенже Мұратұлы;
54 кг: Нұрсұлтан Алтынбек;
67 кг: Елнұр Сүйінбай;
71 кг: Сабыржан Аққалықов;
75 кг: Диас Молжігітов;
80 кг: Ерасыл Жакпеков;
86 кг: Темірлан Мұқатаев;
92 кг: Бекнұр Батырбек.