Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Металлург күні қарсаңында 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды.

Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Akorda
487

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

Серіктес жаңалықтары