Нұрлан Қоянбаев туған жеріндегі үйіне кіре алмағанын айтты

Оның айтуынша, Шиелідегі туған үйінде қазір басқа адамдар тұрады.

Нұрлан Қоянбаев туған жеріндегі үйіне кіре алмағанын айтты
скриншот
579

Нұрлан Қоянбаев балалық шағын еске алып, Қызылорда облысы Шиелі ауданына барып қайтқан. Актер Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, көпшілікке туып-өскен үйін көрсетті.

«Үйге қайта оралған қандай тамаша! Осы үйде дүниеге келдім, дәл осы үйде бақытты балалық шағым өтті. Бұл үйде кішкентай кезімде саяхаттауды армандайтынмын, арманым Қызылорданы көру болды. Арманым орындалды! Күллі әлемді көрдім, бірақ ең құнды орын — ол туған үйім. Өкінішке орай, үйге кіре алмадым, өйткені басқа адамдар тұрады. Мүмкін бұл үйде кішкентай, арманшыл бала тұратын шығар. Сол кішкентай балаға айтарым. 

Бүгін мен 45-ке келдім, кеше ғана осы үйде кішкентай бала едім. Уақыт тез өтіп кетті. Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі - ол уақыт. Әр адамның еншісіне бұйырған әрі зая кетіре алмайтын жалғыз капитал. Сондықтан да уақытынды қадірле, ешкімді, ештеңені күтпе, бас, өзіңе сен, арманда, мұхит ас, әлемді көр, күшті өмір сүр, сенің қолыңнан барлығы келеді», - деп жазды Қоянбаев.

Серіктес жаңалықтары