«Құпияны ертең ашамын»: Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде ұлы жайлы айтты

Ол ұлына кітаптың қолжазбасын бірге оқуды ұсынған.

«Құпияны ертең ашамын»: Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде ұлы жайлы айтты
Фото:instagram.com/dana_nurzhigit
1129

Дана Нұржігіт баласымен арасында жабық тақырып болмауы керек екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін баламыз екеуіміздің кешкі әңгімемізге жаңа кітаптың қолжазбасы арқау болды. Өзімнің таңғалғаным-Әлім есірткі тақырыбында біраз ақпаратты өз-ақ біліп,көріп алыпты. Әлеуметтік желіден, YouTube-тан мен көрмеген фильмдердің мазмұнын айтып беріп отыр. Бала есейіп келеді. Арамызда жабық тақырып болмау керек деп есептеймін.Сиясы кеппеген кітаптың қолжазбасын бірге оқиық деп ұсындым», - деді ол.

Сондай-ақ ол орыс тілінде жазылған әңгіменің “Яма” деп аталатынын айтты.

«Бұл детектив жанрында жазылған әңгімелер жинағының бір парасы ғана. Ертең бұл кітапты жазған,кезінде тергеуші болып жұмыс істеген адаммен кездесемін. Кітап жақында “Меломан” желісіндегі дүкендер сөресіне шығарылады. Авторы менің бұрынғы әріптесім, мен үшін де жаңа қырынан ашылып отырған адам. Ол кім деп ойлайсыз? Жаза отырыңыздар! Құпияны ертең ашамын», - деп жазды танымал тележүргізуші.

Серіктес жаңалықтары