Тимофей Скатов Швецияда әлемнің 27-ракеткасын жеңді

Тимофей Скатов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Тимофей Скатов Швецияда әлемнің 27-ракеткасын жеңді
Сурет: ҚТФ
567

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 27-ракеткасы, нидерландылық Таллон Грикспурды жолдан тайдырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бірінші партияда нидерландылық теннисші 6:1 есебімен айқын басымдық көрсеткенімен, одан кейін Скатов камбэк жасай алды. Есеп – 6:3, 6:3. 

Осылайша, Скатов өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 додасында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Тимофей жартылай финалға шығу үшін португалиялық Нуну Боргешпен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары