Қостанайда 62 жастағы ер адам бесінші қабаттан құлап, мерт болды

Қазіргі уақытта себебі анықталуда, тексеру жүргізіліп жатыр

Қостанайда 62 жастағы ер адам бесінші қабаттан құлап, мерт болды
istockphoto.com
552

Қостанай полициясы 62 жастағы ер адамның өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Оқиға Қостанай қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Полицияға ер адамның бесінші қабаттан құлағаны туралы хабарлама түскен. Алған жарақаттарының салдарынан ол қайтыс болды. Қазіргі уақытта себебі анықталуда, тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары