Halyk Bank әйелдерден кешірім сұрады

Адвокат Жанна Оразбахова әлеуметтік желілерде бұл әйелдерді қорлау деп мәлімдеді.

Halyk Bank әйелдерден кешірім сұрады
сурет: жарнама ролигінен скриншот
878

Halyk Bank орынсыз жарнамасы үшін әйелдерден кешірім сұрады. Бұл туралы банк ресми мәлімдеме жасады. 

Кеше банк жарнама жариялаған болатын, кадрда әйел мен автомобиль көрінеді, ал кадрдан тыс дауыс: «Сенен бұрын оның қанша ... иесі болғанын білгің келе ме?» дейді. Қазақстандықтар әйел мен автомобильді астыртын салыстыруға ашуланды. Адвокат Жанна Оразбахова әлеуметтік желілерде бұл әйелдерді қорлау деп мәлімдеді.

Осы мәлімдеме арқылы ресми парақшамызда жарияланған қисынсыз контент үшін Halyk Bank кешірім сұрайды. Өкінішке орай, банк процестеріне қатысатын адамдар санының көптігіне байланысты біз осындай контентті уақытында тексеріп, реттей алмадық. Еліміздің ең ірі қаржы құрылымдарының бірі ретінде біз өзіміздің әлеуметтік жауапкершілікке ие екенімізді түсінеміз, – деп мәлімдеді банк. 

Сонымен қатар, банк саясаты әйелдердің құқықтарына қысым жасауды немесе қысымды қолдауды, қадір-қасиетін қорлауды көздемейтінін айтқан.

Бұл жағдай біз үшін үлкен сабақ болды және біздің ұжымда мұндай мазмұнды контенттің қолайсыз екенін түсінбейтін бөлігі бар екенін көрсетті. Сондықтан қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс істеу, қызметкерлер үшін гендерлік теңдік туралы тренингтер санын арттыру, маркетингтік тәсілдерді қайта қарастыру туралы шешім қабылданды. Барлық бей-жай қарамайтындар бізге бұл мәселеде көмектеседі деп үміттенеміз, – деп жазылған банк хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары