714
Семейде 9 жастағы бала бір күннен бері табылмай жатыр
Абай облысы полиция департаменті баланы табуға атсалысуды сұрайды
Семейде 9 жастағы бала іздестіріліп жатыр. Ол 2024 жылдың 19 шілдесінде жоғалып кеткен.
Абай облысы полиция департаменті баланы табуға атсалысуды сұрайды.
Баланың аты-жөні - Маненов Әлинұр Ерланұлы. Ол 2015 жылдың 26 шілдесінде туған.
Мәлімет бойынша, Әлинұр 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы, Театральная көшесі, 11 үй мекен-жайынан белгісіз бағытта шығып, содан кері оралмаған.
Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.
Киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка.
Егер сіз фотосуреттегі ұл баланың орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефон арқылы хабарлауды сұраймыз.