«Айды сұраған жоқпын»: Желіде мәһрге 20 мың доллар сұраған қыздың видеосы тарады

Имам ерлі-зайыптыдан 10 рет анықтап сұраған.

«Айды сұраған жоқпын»: Желіде мәһрге 20 мың доллар сұраған қыздың видеосы тарады
Скриншот
1439

TikTok желісінде қалыңдықтың мешітте жолдасынан мәһр сұрап жатқан видеосы қызу талқыға түсті.

Қалыңдық имамның «мәһр ретінде қандай неке сыйлығын сұрайсыз?» деген сұрағына «20 мың доллар көлеміндегі акция» деп жауап айтқан.

Видеода имамның «20 мың доллар, мәссаған!» деп таңданысын жасыра алмағанын көруге болады. Кейін имам 20 мың долларды теңгеге шаққанда қанша болатынын және күйеу жігіттен оны беруге шамасы келе ме екенін нақтылады. 

Күйеу жігіт бұл соманы беруге мүмкіндігі бар екенін мәлім етті. 

Айта кетейік, 20 мың долларды теңгеге шаққанда шамамен 9,4 млн теңге болады

Желі қолданушылары бейнежазба астына түрлі пікір қалдырған. Кейбіреуі 20 мың доллар қазір түк емес екенін жазса, кейбірі қалыңдықтың асыра сілтегенін сынаған.

«20 мың доллар дегені түк емес деп ойлаймын. Доллар дегенді естіп, шошып отырған болар. Ол қаржыға жақсы көлік немесе жер келе ме?», «Жігіт неге жылайын деп отыр? Күйеуі қиналып тұр ма?», «Бақыт ақшада емес», «Жігіттің миы қорытпай қалған сияқты», - деп жазған олар. 

Қалыңдық оларға жауап ретінде «Аспандағы айды сұрап отырған жоқпын» деп жауап берген.

Серіктес жаңалықтары