522
Ақмола облысында жасөспірім өзіне қол жұмсады
Аталған оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады
Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім қыз өзіне қол жұмсады.
Қайғылы оқиға 19 шілде күні Ақкөл ауданында болған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі кезде 2009 жылғы жасөспірім қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайды.