514
Ақтауда екі шағын ауданның жастары жаппай төбелескен
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ақтаудағы жаппай төбелес фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Lada.kz.
Басылымның жазуынша, бір күн бұрын желіде жастардың бір-бірімен төбелесіп жатқанын көрсететін бейне пайда болды. Полиция 31А және 31Б шағын аудандар арасындағы төбелеске қатысқан барлық адамдар ұсталып, бөлімшеге жеткізілгенін хабарлады.
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайларды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шараларының барлық кешені өткізіледі.