Танымал әншінің сахнаға мас күйінде шыққан видеосы тарады

Видео Ақсу қаласында Металлургтер күніне арналған концертте түсірілген.

Танымал әншінің сахнаға мас күйінде шыққан видеосы тарады
Argonya. Фото: скриншот
1530

Әлеуметтік желіде Argonya лақап атымен танымал эстарада әншісінің сахнаға мас күйінде шыққан видеосы жұрттың сынына қалды, деп хабарлады turkystanz.kz.

Видео Ақсу қаласында Металлургтер күніне арналған концертте түсірілген.

«Құттықтаймын. Мен жаңа ғана келдім. Блин, шаршадым. Елки-палки, жол ұзақ. Маған «Сені сүйемін» деген әнді қойып берші. Махаббат туралы ән айтайық», - дейді әнші бейнежазбада. 

Желі қолданушыларының бірі әншінің қылығын мастыққа санаса, бірі оның өзін-өзі ұстауы сондай деп ақтады. 

«Бұл біздің Ақсу қаласында Металлургтер күнін атап өткенде болды. Маған оның әндері ұнайды. Бірақ кеше оның сахнаға шыққан кездегі іс-әрекеті мен қылығы ұнамады», «киелі сахнамызды қорлады», «әншілердің бәріне не болған», «Қайраттың жолын қуайын деген ғой», - деп пікір жазды көпшілік.

 

Серіктес жаңалықтары