Су тасқыны: Үйі қираған 31 ақтөбелікке пәтер кілті табысталды

Суға кеткен кездегі үрей қиын болды. Көз алдымызға елестетсек қиын. Бір-екі күн суда тұрып, үшінші күніқұлап қалды.

Су тасқыны: Үйі қираған 31 ақтөбелікке пәтер кілті табысталды
istockphoto.com
520

Су тасқыны кезінде зардап шеккен 31 ақтөбелікке пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспаналар «Юнис сити» мен Есет батыр тұрғын үй алабынанберілген болатын. Темір Заровтың отбасы - су тасқынынан жапа шеккендердің бірі.«Нефтяник» бау-бақша ұжымындағы үйі комиссия шешімімен тұруға жарамсыз деп танылған. Қиын-қыстау уақытта олар отбасымен бірге эвакуациялық бекеттерді уақытша паналады.  

«Барлығымыз мектепте жаттық. Одан кейін Опытнайдағы  колледждің жатақханасында тұрдық. Ондағы әрбір отбасыға көмек берілді. Көп-көп рахмет. Баспаналы болдық. Көмектескен жандарға алғыс айтамын», - деді отағасы Темір Заров.

Жаңа қоныс 66 шаршы метрді құрайды. Екі бөлмелі пәтер жарық әрі кең. Барлық қолайлы жағдай қарастырылған. Отбасының жаңа пәтерге қоныстанғанына екі аптадай болған, ал балалары болса, жаңа үйде асыр салып, мәз-мейрам болып, ойнап жүр. Тасқын кезінде баспанасын суалған сәтті еске алып, отбасының көңілі босап, көзіне жас та алды.

«Суға кеткен кездегі үрей қиын болды. Көз алдымызға елестетсек қиын. Бір-екі күн суда тұрып, үшінші күніқұлап қалды. Енді міне, Аллаға шүкір дейміз, жаңа қонысқа көштік. Алғысымыз шексіз. Тез арада бола қояды деп ойлаған жоқпыз», - дейді Гүлжан Төлеуова.

Баспанасы суға кеткендердің көбі - арнайы санаттағы отбасылар. Берілген су жаңа пәтер заңды түрде үй иесінің атына жазылады, яғни, пәтерді алған тұрғын иесі кез-келген уақытта сата алады немесе кепілге қоя алады.

Серіктес жаңалықтары