16 жыл бойы бір университетке түсу үшін емтихан тапсырып келеді: Қытай азаматы төзімділіктен рекорд орнатты

Тан Шанцзюнь 2009 жылы Қытайдың атақты ұлттық қабылдау емтиханы гаокаоны алғаш рет тапсырған.

16 жыл бойы бір университетке түсу үшін емтихан тапсырып келеді: Қытай азаматы төзімділіктен рекорд орнатты
сурет: odditycentral.com
706

«Қытайдың ең қырсық адамы» атанған 36 жастағы ер адам қатарынан 16 жыл бойы ұлттық университетке қабылдау емтиханын тапсырып, Цинхуа университетіне түсуге тырысып келе жатыр, деп хабарлайды odditycentral.com.

Тан Шанцзюнь 2009 жылы Қытайдың атақты ұлттық қабылдау емтиханы гаокаоны алғаш рет тапсырған. Дегенмен, 750 балдың 372-сін алып, өзі армандаған Цинхуа университетіне түсуге жеткілікті ұпай жинай алмаған.

Содан соң ол дайындалып, гаокаоны қатарынан бірнеше жыл бойы тапсырған. 2016 жылға қарай оның балы 625-ке дейін көтерілген, бұл Гуаньси провинциясындағы бірнеше университетке түсуге жеткілікті, бірақ Цинхуа университетіндегі таңдаған мамандығына жеткіліксіз.

Осылайша ол басқа университеттерді елемей, жыл сайын талпынып, Цинхуа университетіне түсе алмай келеді

Серіктес жаңалықтары