935
Жайық өзеніне батып кеткен ағайынды екінші баланың мәйіті табылды (ВИДЕО)
Балалар 2010 және 2011 жылы туған.
Атыраудың Көкарна ауылында суға батып кеткен екінші баланың мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Аtpresskz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Еске салсақ, 20 шілде күні Көкарна ауылында Жайықтың суға түсуге болмайтын аймағында бір үйдің кәмелетке толмаған екі баласы суға кетіп, қаза тапты. Біреуінің денесі сол күні табылды. Екінші баланың мәйіті бүгін, 22 шілдеде таңғы сағат 6:30 шамасында табылды. Балалар 2010 және 2011 жылы туған.