Еуропалық физика олимпиадасы: Қазақстандық оқушылар 4 жүлдеге ие болды

2023 жылы еліміздің командасы 1 күміс, 2 қола және 1 Құрмет грамотасын жеңіп алған болатын.

Еуропалық физика олимпиадасы: Қазақстандық оқушылар 4 жүлдеге ие болды
Оқу-ағарту министрлігі
627

Грузияда EuPhO Еуропалық физика олимпиадасы аяқталды. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар тағы төрт медаль иеленіп, жеңіс қоржынын толықтырды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан командасының құрамында:

  • Бекасыл Елубай – Алматы қаласы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
  • Альтаир Ақанов – Астана қаласы РФММ 10-сынып оқушысы;
  • Нұргүл Егенбергенова – Н.Нұрмақов атындағы Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Нұрасыл Барлыбаев – Атырау қаласының № 1 «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы.

Айта кетейік, Еуропалық физика олимпиадасы жоғары сынып оқушылары арасында өткізіледі. 2023 жылы еліміздің командасы 1 күміс, 2 қола және 1 Құрмет грамотасын жеңіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары