734
«19 баланы оқытқан»: Тәжікстандық Алматы облысында жасырын медресе ашқан
Тәжікстандық жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген.
Алматы облысы Қарасай ауданында 19 баланы заңсыз оқытқан жасырын медресе жұмыс істеп тұрғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
«Тәжікстан елінің тумасы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген. Тексеру кезінде 179 дана діни әдебиет, сонымен қатар ұялы телефон мен ноутбук тәркіленіп, тиісті сараптамалар белгіленді. Кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір балалар ата-аналарына қайтарылды», – делінген хабарламада.