Алимент төлемеген Ақтау тұрғыны қамауға алынды

Кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алимент төлемеген Ақтау тұрғыны қамауға алынды
537

Берешегі 3 млн теңгеден асатын Ақтау тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. 05.07.2024 жылғы соттың үкімімен «А» есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды", – делінген қалалық сот баспасөзінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

                          

Серіктес жаңалықтары