Париждегі көшелерге қазақ боксшыларының суреті ілінді

25 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады.

Париждегі көшелерге қазақ боксшыларының суреті ілінді
instagram.com/boxingkazakhstan
752

Қазақстандық боксшылардың фотосы Олимпиада қарсаңында Париж төріне ілінді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. 

Атап айтқанда, қазір Париж көшелерінде Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрбек және Айбек Оралбайлардың фотосы тұр.

Еске салсақ, қазақ боксшылары Парижге 21 шілдеде аттанған болатын. 25 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады.

Бұл жолы Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр. Ерлерден Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғаса, әйелдерден Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова үш салмақта шаршы алаңға шығады.

Серіктес жаңалықтары