«Шашын жұлып, бірнеше рет тепкен»: Кафеде даяшы мен әкімшіні соққыға жыққан қызылордалық жауапқа тартылды

Қолындағы сыра ішімдігінің кружкасын сындырып, өзіне қарама-қарсы тұрған даяшыға тап беріп, шашынан жұлып, оны бірнеше мәрте тепкен.

«Шашын жұлып, бірнеше рет тепкен»: Кафеде даяшы мен әкімшіні соққыға жыққан қызылордалық жауапқа тартылды
www.istockphoto.com
612

Қызылордадағы кафелердің бірінде даяшы мен әкімшіні соққыға жыққан әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сағат 04:30 шамасында кафеде жалғыз өзі көңіл көтеріп отырған әйелге кафенің әкімшісі мен даяшы кафенің жабылатынын айтып ескерткен. Масаң күйде отырған ол кафе қызметкерлеріне кафеден шықпайтынын, ізінше балағат сөздер айтқан. Сосын қолындағы сыра ішімдігінің кружкасын сындырып, өзіне қарама-қарсы тұрған даяшыға тап беріп, шашынан жұлып, оны бірнеше мәрте теуіп, дене жарақатын салған. Одан соң әкімшінің көзінен тұрып, бетін тырнап алған.

«Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. ҚК-нің 44-бабы 1-бөлігінің тәртібімен  барлық  мерзімге  пробациялық бақылау белгіленген», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары