423
ҚазМұнайГазға 539,4 млн теңге айыппұл салынды
Тексеру кезінже акционерлік қоғамның іс-әрекетінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға тексеру жүргізді. Онда 2023 жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы заңнаманың сақталуына мониторинг жасалды.
Тексеру қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның іс-әрекетінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды.
Акционерлік қоғам мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеді.
Ал кей жағдайларда мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі бар жеке сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту арқылы дискриминация жасаған.
Астана әкімшілік мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ҚазМұнайГазға 539,4 млн теңге айыппұл салынды.