737
Кофе ақыл-ой қабілетіне кері әсер етеді – зерттеу
Зерттеуге сүйенсек, кофе мидағы сұр элемент көлемін азайтады.
Кофе сергітпейді, керісінше ұйқысыздық кезінде кофеин когнитивті функцияларды төмендетеді, яғни ақыл-ой қабілетіне кері әсер етеді. Мұндай тұжырым жақында Scientific Reports журналында жарияланды.
Зерттеуге сүйенсек, кофе мидағы сұр элемент көлемін азайтады, бұл ақыл-ой қабілеті мен сенсорлық функцияларға зиян тигізеді.
Кофеиннен бас тартқандарда сұр элемент көлемі өзгермеген немесе тіпті ұлғайған.