Mattel көру қабілеті нашар балаларды қолдау үшін көзі көрмейтін Барби шығарды

Компания қуыршақты Barbie Fashionistas сериясының бір бөлігі ретінде таныстырды.

Mattel көру қабілеті нашар балаларды қолдау үшін көзі көрмейтін Барби шығарды
сурет: Mattel/PA
634

Mattel компаниясы брендті инклюзивті ету мақсатында алғаш рет көзі көрмейтін Барби шығарды. Бұл туралы independent.co.uk хабарлады. 

5,58 миллиард долларлық компания қуыршақты Barbie Fashionistas сериясының бір бөлігі ретінде таныстырды.

Сатылымға шығарылған Барби қуыршағының қасында қозғалуға арналған ақ және қызыл таяқшалар және күміс түстес көзілдірік бар.

«Бұл әр баланың өз-өзіне сенімді болып, оны түсінетінін сезіну үшін жасалған қадам», – деп мәлімдеді компания.

Серіктес жаңалықтары