Алматыда туысын өлтірген әйел ұсталды

Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел адамның қолына пышақ алғандығы белгілі болды.

Алматыда туысын өлтірген әйел ұсталды
istockphoto.com
493

Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды.

Оқиға кешкі сағат 17:00 шамасында болған.

Аталмыш қылмыс «ізін суытпай» ашылды. Адам өлтірді деген күдікпен «Буран-06» патрульдік полициясының экипажы әйел адамды ұстады.

Ол өлтірілген ер адамның туысы екені анықталды.

Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел адамның қолына пышақ алғандығы белгілі болды.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Басқа да мән-жайлар анықталады», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Серіктес жаңалықтары