726
Тұрсын Алагөзов 1 миллион теңгеге пиджак сатып алды
Arunaz Atelier негізін салушы Назым Карпикова өзінің сән көрсетіліміне шоу бизнес өкілдерін шақырған. Құрметті қонақтар қатарында продюсер Баян Мақсатқызы мен оның күйеуі Тұрсын Алагөзов те болған.
Елімізге белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Arunaz Atelier брендінің сән көрсетілімінде 1 миллион теңгеге пиджак сатып алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл жайында желі қолданушыларына әнші Балжан Бидаш ақпарат таратты.
"Пиджакқа өз фантазиямызды салдық. Менікі өз атымды қалдыруға ғана жетті. Пиджакты аукционға қойды. Тұрсен мырза 1 миллионға сатып алды", - деп жазды Б. Бидаш.