41765
Алматыда аурухана маңынан жалаңаш әйелдің денесі табылды
Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
Желіде Алматы қаласы №1 емханасының жанында әйел адамның киімсіз мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.