Петропавлда 17 жастағы қызды анасы сатып жіберген

Қыздың сынып жетекшісі де полицияға хабарласқан, олар арызды туыстары ғана жаза алатынын жеткізген.

Петропавлда 17 жастағы қызды анасы сатып жіберген
сурет: istockphoto.com
748

Петропавлда 17 жастағы қызды анасы өзінен 14 жас үлкен ер адамға Қазақстанның азаматтығын алу үшін тұрмысқа беріп жіберген. Бұл туралы Batyr Jamal парақшасында қыздың құрбылары хабарлаған.

Қыздың құрбысының сөзінше, Камиланы анасы 31 жастағы жігітке сатып жіберген. Ал анасы қызының өзі тұрмысқа шыққысы келетінін айтып, басқа сұрақтардан басын ала қашқан. 

"Камила өте ашық, ақкөңіл, жарқын жүзді қыз. Олар былтыр Өзбекстаннан Петропавлға көшіп келген. Дәлірек айтқанда, кәмелетке толмаған қызды еркекке сатып жіберді. Қазақстан азаматтығын оның отбасы мен өзі де алмаған. Анасы тіркеуге тұру үшін қызын 31 жастағы ер адамға үйлендірді. Күйеуінің 1993 жылы туғанын және Түркістан облысындағы теміржол станциясы бар қаланың бірінді тұратынын ғана білеміз. Көп ұзамай біз ер адамның Instagram аккауын таптық. Ол біздің құрбымызбен бірге бірнеше фото салған екен. Көшеде бірге кетіп бара жатқан фотосын кейін өшіріп тастады. Бұған дейін Камиланың үй шаруасымен айналысып жатқан видеосы болған. Бізден бөлек тағы басқа достары оның анасымен қайта-қайта сөйлесуге тырысты. Сынып жетекшісі де қыздың жақындарымен жай тілдесуге тырысып көргенімен, бәрі бекерге кетті. Ол әңгімеден жалтарып, агрессивті сөйлеп, мүлдем қарсы болмағанын айтты. Қалай болғанда да, жеке өмірге араласатын біз кімбіз?" – деді құрбысы.

Қыздың сынып жетекшісі де полицияға хабарласқан, олар арызды туыстары ғана жаза алатынын жеткізген.

"Біз оның ата-анасынан басқа туыстарын білмейміз, сондықтан болған жайт туралы айтуды жөн көрдік. Мүмкін қалың көпшілікті пікірі бізге көмектесіп қалар...", – дейді құрбысы.

 

Серіктес жаңалықтары