«Рейсті кешіктірген кезде тиісті қызмет көрсетпеген»: Қазақстандық екі әуе компаниясы жауапқа тартылды

Рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну туралы ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзған.

«Рейсті кешіктірген кезде тиісті қызмет көрсетпеген»: Қазақстандық екі әуе компаниясы жауапқа тартылды
www.istockphoto.com
473

Рейсті кешіктіру кезінде тиісті қызмет көрсетпеген қазақстандық екі әуе компаниясы жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жазғы кезеңде рейстер санының ұлғаюына байланысты ҚР заңнамасында көзделген қызметтерді уақтылы көрсетпеу немесе рейсті кешіктіру кезінде қызметтерді көрсетпеу туралы әуекомпанияларға жолаушылардың шағымдары жиілеп кетті.

Осыған байланысты Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну туралы ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік әуекомпанияларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

"Мәселен, АлматыҚарағанды бағыты бойынша рейс кідіртілген кезде Қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақ үйге орналастырылмады, сонымен қатар жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге және кері тасымалдау ұйымдастырылмады) ағымдағы жылдың 11 шілдесінде «FlyArystan» әуе компаниясына қатысты ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оған сәйкес әуе компанияға 1000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұған дейін, сондай-ақ Атырау-Алматы бағыты бойынша рейсті кешіктірген кезде тиісті қызмет көрсетпегені үшін ағымдағы жылдың 24 маусымында «SCAT» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) құрады", – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары