593
Ферроқорытпа зауытының тағы бір қызметкері көз жұмды
Зауыт қызметкері ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен.
Қаралы хабарды Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы таратты, деп жазды turkystan.kz.
"90% дене күйігі бар 1999 жылы туылған науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 20 шілде күні YDD Corporation ферроқорытпа зауытында кенеттен жалын шығып, салдарынан 8 жұмысшы жарақаттанған еді.