731
Төрт жылға сотталған Байжановтың қайда отырғаны белгілі болды
Оған қатысты мәліметті Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі таратты.
Азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін жасырып, төрт жылға сотталған Бақытжан Байжанов әлі Астана қаласының тергеу изоляторында отыр, деп хабарлады turkystan.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Байжановқа сот үкімімен орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды.
Қазіргі таңда ол Астана қаласының тергеу изоляторында. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберіледі, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
ҚР ҚИК-нің 93-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.