«Qarmet» кәсіпорнынан жанармай ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша, олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.

«Qarmet» кәсіпорнынан жанармай ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Скриншот
449

Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Qarmet» АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды.

Топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырған. Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша, олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген. 

«Бұдан басқа, «Qarmet» АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 

Серіктес жаңалықтары