"Өз шотына аударып отырған": Астанада такси жүргізушілерін алдаған 28 жастағы әйел қамауға алынды

Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Өз шотына аударып отырған": Астанада такси жүргізушілерін алдаған 28 жастағы әйел қамауға алынды
istockphoto.com
534

Астанада екі такси жүргізушісі алаяқ әйелге тап болғанын айтып, полицейлердің көмегіне жүгінген деп хабарлайды turkystan.kz Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Такси жүргізушілерінің айтуынша, көлікке мінген әйел қоңырау шалуға телефондарын сұрап, содан кейін «Яндекс.Такси» қосымшасындағы жиналған жүргізуші бонустарын өзінің банктік шотына аударып алған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған 28 жастағы әйелді анықтады.
Сонымен қатар, әйелдің басқа такси жүргізушісінен барсетканы ұрлағаны анықталды, оның ішінде жәбірленушінің құжаттары, сымсыз құлаққап, ақша және сағаты болған. 
Ұрлық пен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары