Майқайыңдағы шахтаға құлап кеткен автобус табылды

Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы ғана көрінді.

Майқайыңдағы шахтаға құлап кеткен автобус табылды
Павлодар облысы әкімдігі
1023

"Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кеше кешкісін құтқарушылардың автобусы табылды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қатты жаңбыр жауып, жел тұруына және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде. Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінді, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 4 қаңтарда шахтаға құлап кеткен автобустың ішінде төрт құтқарушы болған еді. Олардың екеуінің денесі сол күні табылып, жер қойнына тапсырылды. Кейін бір жарым айға жалғасқан іздестіру жұмыстары қауіптің жоғары болуына байланысты тоқталып, маусым айында қайта жанданды. 

19 шілде күні мамандар тағы бір құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесін тапты. Ал 55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Жақын арада іздестіру жұмыстары нәтиже береді деген үміттеміз.

 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары