Қонаев қаласының әкімінің атынан жалған хабарлама тарады

Қонаев қаласының әкімінің атынан жалған хабарлама тарады
Қонаев қаласы әкімдігі
702

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі шаһар басшысы Асхат Бердіхановтың атынан интернет-алаяқтар смс таратып жатқанын ескертті. 

– Бұған дейін Whats’App желісі арқылы хабарламалар таратылса, қазір интернет-алаяқтар Телеграм желісін пайдалануда. Хабарламада ҰҚК-дан куратор тағайындалғаны, жоспардан тыс тексеріс болатыны жазылған. Байланыс нөмірі көрсетілмеген. Сосын ҰҚК қызметкерімін деп Нариман Сағымбаевтың атынан хабарлама да жолданған. Құрметті тұрғындар! Егер сұрақтар болса, қала әкімінің қабылдауына жазылып, жеке жолығуды сұраймыз. Асхат Бердіханов Telegram желісін пайдаланбайды, - деп хабарлады Қонаев әкімдігінен.

Серіктес жаңалықтары