Қазақстандық боксшы қыз WBA Asia белбеуін иеленді

Жеңіл салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Қазақстандық боксшы қыз WBA Asia белбеуін иеленді
sports.kz
602

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман таиландтық боксшы Джиттамат Пхомтамен WBA Asia титулы үшін жұдырықтасты, деп хабарлады turkystan.kz сайты sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Нәтижесінде Балауса кәсіпқой рингте бесінші жеңісіне қол жетізіп, WBA Asia белбеуін иеленді. Ал Джиттамат Пхомта бесінші мәрте жеңіліске ұшырады.

Балауса Мұздиман бұған дейінгі жекпе-жегін 1 маусымда Алматыда өткізіп, үндістандық Моника Сингхты 46 секундта нокаутпен жеңген болатын. Қазір қазақстандық боксшы Boxrec порталының жеңіл салмақтағы рейтингінде 95-орында тұр.

Серіктес жаңалықтары