Суды бейіттің жанынан алып келген: Танымал су өндіруші компания лицензиясынан айырылды

Фабрикадан 500 метр қашықтықта Солтүстік Алматы зираты басталады.

Суды бейіттің жанынан алып келген: Танымал су өндіруші компания лицензиясынан айырылды
сурет: istockphoto.com
568

Samal cуын өндіруші "Бизнес Парк Навигатор” компаниясы лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz

Желіде компанияның суды зират маңынан алатыны туралы ақпарат таралған болатын. "Бизнес Парк Навигатор" ЖШС компаниясы "Керемет су СКЕ" ЖШС үшін су өндіреді, олардың фабрикасы Бартольд көшесі, 157В мекенжайында орналасқан. Сол мекенжайдан 500 метр қашықтықта Солтүстік Алматы зираты басталады. Компанияның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, су көзі - Түрксіб ауданында орналасқан 300 метр тереңдіктегі артезиан ұңғысы. Дәл осы жерде зират та орналасқан.

Қазақстанның электрондық лицензиялау сайтындағы мәліметтерге сәйкес, "Бизнес Парк Навигатор" ЖШС Түрксіб ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бұйрығымен 17 шілдеде лицензиясынан айырылған.

Серіктес жаңалықтары