Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда ірі есеппен жеңілді

Қостанайлық клуб Швейцарияда жеңіліп қалды.

Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда ірі есеппен жеңілді
417

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матчта Қостанайдың «Тобыл» командасы сырт алаңда швейцариялық «Сент-Галленмен» ойнады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қонақтар ойынды жақсы бастады. Тіпті матчта бірінші болып Игорь Иванович есеп ашты, бірақ үзіліске дейін алаң иелері есе қайтарып қана қоймай, бір доп айырмасымен алға шықты. Екінші таймда қостанайлықтар бірқатар шабуыл ұйымдастырғанымен, үшінші және төртінші мүмкіндіктерді жіберіп алды. Ал алаң иелері матчтың екінші бөлігінде де есепті еселей түсті. Осылайша, «Тобыл» 4:1 есебімен «Сент-Галленнен» жеңіліп қалды.

Қарымта ойын бірінші тамызда Қостанайда өтеді.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары