Алаяқтар 93 жастағы әжейдің 700 мың теңгесін жымқырып кетті

Алаяқтар 93 жастағы әжейдің 700 мың теңгесін жымқырып кетті

Алаяқтар 93 жастағы әжейдің 700 мың теңгесін жымқырып кетті
ашық дереккөзі
244
Ақмола облысының Есіл ауданында алаяқтар 93 жастағы әжейдің ұзақ жылдар бойы жинаған 700 мың теңгесін жымқырып кеткен, – деп хабарлайды  24.kz арнасы. Қарапайым жұртты алдап соғып,  оңай олжаға кенелгісі келетін алаяқтар көбінесе қарияларды алдап соғады екен. Осындай алаяқтардың қылмыстық әрекеттерінің тағы бірі Есіл ауданында әшкере болды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 93 жастағы әжейдің үйіне белгісіз 2 әйел келіп, өздерін әлеуметтік қызметкерміз деп таныстырып, ескі банкноттарыңызды жаңасына ауыстырып береміз деген желеумен зейнеткердің жылдар бойы жинаған 700 мың теңгесін жымқырып кеткен. Қазір екі күдікті де қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жалпы Ақмола облысында өткен жылы осындай 200-ден астам алаяқтық дерегі тіркелсе, биылдың өзінде 88 адам алаяқтардың құрбаны болған. «Алаяқтықтың түрлері өте көп боп тұр. Өздерінің құйтырқы әрекетін іске асыруды ойлайтын олар түрлі кейіпке еніп, қарттарды алдап кетіп жатыр. Біз қариялармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Баспасөз беттерінде де бұл туралы құлағдар еттік. Дегенмен, не нәрсеге болса да сенгіш келетін үлкен кісілер алаяқтардың құрығына түсіп қалып жатыр», – деді  Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.  

Серіктес жаңалықтары