Астанада 5 баланың анасы жоғарғы қабаттан секіріп кетті

Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Астанада 5 баланың анасы жоғарғы қабаттан секіріп кетті
istockphoto.com
700

Астанада 1990 жылы туған 5 баланың анасы балконнан секіріп кеткен. Оның көз жұмғанын денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Биыл 23 шілдеде  А. Бектұров, 3 мекен-жайы бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. ЖМК бригадасының келуімен үйдің ауласынан қыздың мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, қыз жоғарғы қабаттардан құлаған. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлайды Астана денсаулық сақтау басқармасы.

Көп балалы әйелдің құлағанын осыған дейін Астана қаласының полиция департаменті растаған болатын.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының негізінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары