"Той көйлегін таңдаймыз": Әнші Балжан Бидаш қуанышты жаңалық айтты

"Солай, бақытты болып кетіп бара жатырмын", – деді әнші.

"Той көйлегін таңдаймыз": Әнші Балжан Бидаш қуанышты жаңалық айтты
сурет: instagram.com/bidash_official
756

Әнші Балжан Бидаш той көйлегін таңдауға кетіп бара жатқанын айтып, қуанышты жаңалығын бөлісті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты

Сәлем, достар, осы уақытқа дейін Алматыда күнде жаңбыр жауып, салқын боп тұрды. Бірақ дәл қазір 30 градуста көшеде асығып кетіп бара жатырмын. Өйткені бүгін той көйлегін таңдаймын, таңдаймыз ашығы. Солай, бақытты болып кетіп бара жатырмын. Мені күтіп тұр арғы жақта. Қалай ойлайсыздар, той көйлегі не үшін, кімге? Сіздерге осындай сұрақ бар, – деді Балжан Бидаш. 

Әнші содан соң құрбысы, актриса Фариза Ескерместің тойына дайындалып жатқанын айтты. Оқырмандары келесі той әншінікі болуын тілеп, пікір жазды.

Серіктес жаңалықтары